Nedan finns texten till låten Кайырлы тун , artist - Арай med översättning
Originaltext med översättning
Арай
Жамылып көк көрпесін
мақпал түн жайғасқанда
Сүйсініп терезеңнен
қарайды айлы аспанда
Сәулесі дірілдеп
жұлдыздар күлімдеп
Жайнасқанда
Сезім толы ойларға
жүрек жылынғанда
Айқысып кірпіктерің
көздерің жұмылғанда
Бақытқа бөлінген
ән болып келем мен
Сыбырлауға
Қайырлы түн жаным
ерекше сұлуым
Қайырлы түн жаным
мөп мөлдір тұнығым
Саған ғана сыйлаймын
жүрегімнің жылуын
Қайырлы түн жаным
ерекше сұлуым
Қайырлы түн жаным
мөп мoлдір тұнығым
Саған ғана сыйлаймын
жүрегімнің жылуын
Аялап айдың нұры
жүзіңнен шашқан жақұт
Сырлы түн екеумізді
қиалы қосқан уақыт
Еркелеп көз ілген
жоқ маған өзіңнен
Асқан бақыт
Тілеймін саған әр кез
бақыттың шапағатын
Түсіңде қол ұстасып
арманға апаратын
Ардағым сүйкімді
қорғасын ұйқыңды
Махаббатым
Қайырлы түн жаным
ерекше сұлуым
Қайырлы түн жаным
мөп мөлдір тұнығым
саған ғана сыйлаймын
Жүрегімнің жылуын
Қайырлы түн жаным
ерекше сұлуым
Қайырлы түн жаным
мөп мөлдір тұнығым
саған ғана сыйлаймын
Жүрегімнің жылуын
Қайырлы түн жаным
ерекше сұлуым
Қайырлы түн жаным
мөп мөлдір тұнығым
Саған ғана сыйлаймын
жүрегімнің жылуын
Қайырлы түн
Қайырлы түн жаным
Ерекше сұлуым
Қайырлы түн жаным
мөп мөлдір тұнығым
Саған ғана сыйлаймын
жүрегімнің жылуын
Låtar på olika språk
Högkvalitativa översättningar till alla språk
Hitta texterna du behöver på några sekunder